Петропавлда іскер арулар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда іскер арулар бас қосты

29.11.2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық «25 игі іс» акциясы аясында Петропавлда «Еуразиялық экономикалық одақтағы әйелдердің шекаралық экономикалық ынтымақтастығының басымдылықтары» тақырыбында форум өтті. Оған қазақстандық және ресейлік 400-ден астам мемлекеттік орган қызметкері мен бизнес өкілдері қатысты. Шараның басты тақырыбы - бизнес саласында жүрген нәзік жандардың жетістіктері мен оларға көрсетіліп жатқан қолдаулар турасында болды.


Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу