ҰҚК Өзбекстан дәріханаларынан табылған инсулинге қатысты тексеріс жүргізетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК Өзбекстан дәріханаларынан табылған инсулинге қатысты тексеріс жүргізетін болды

22.01.2019

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Өзбекстандағы қазақстандық инсулиндердің саудасына байланысты мән-жайді анықтауды сұрап, ресми хат жіберген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң журналистер сұрағына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Қазір тексеріс басталған. Министрдің айтуынша, мемлекеттік препараттардың жеке дәріханаларда сатылу фактілері бұрын да болған. Бірақ инсулиннің заңсыз саудаға түсуі алғаш рет. Егер аталған жағдай расталса, олқылыққа жол берген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Қазір елде қант диабетіне шалдыққан науқастарға тегін таратылатын инсулиндер түгенделіп, толық тізімі түзіліп жатыр. Бақылау күшейген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Аталған іске байланысты сұрауды біз Бас прокуратураға да жолдадық. Олар осы тексеріске белсенді араласады деп үміттенемін. Алайда, бірқатар өңірлерде қылмыстық істердің қозғалғанын алдын ала айта аламыз. Яғни, біздің міндетіміз - құқық қорғау органдарымен бірлесіп, дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету саласында толығымен тәртіп орнату.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу