Салықтық тексеріс азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтық тексеріс азайды

10.04.2018

Елімізде былтыр салықтық тексеріс саны 45 пайызға азайтылды. Ал биыл мұндай шараларды тағы 25 пайызға азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді. Өткен жылы министрлік Бас прокуратурамен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнеске түсетін салықты азайту жөнінде келіссөздер жүргізген.

Нәтижесінде салықтан жалтарғандарға қатысты талап күшейтілді,- дейді министрлік өкілі. Жоспардан тыс тексерістер де қысқартылған. Мәселен, өткен жылы олардың саны 38 болса, биыл  негіздеме бойынша тек 12  шара жүргізілмек. Жалпы, осындай бақылаулардың нәтижесінде 21 миллиард теңге бюджетке қайтарылған. 

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Биылдан бастап интернет дүкен арқылы қызметін жүзеге асырып отырған кәсіпкерлер табыс салығын төлеуден 100 пайыз босатылады. Салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін 26 мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы пайдалануға болады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу