Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Биылғы 4 айда шикізаттық емес тауарлар экспорты 34 пайызға артып, 7,5 миллиард долларға жеткен. Ал қызмет көрсету экспорты 5,8 миллиард доллар болған. Сонымен қатар министр азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы айтты. Кездесу соңында Президент сыртқы сауда қызметін жандандыру және шетел нарығындағы Қазақстан өнімдерін ілгерілету жөнінде тапсырма берді. Мемлекет басшысы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарлары экспортын реттеу қажет екенін айтты.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі:
Мемлекет басшысы бүгінгі күні қалыптасып отырған сыртқы жағдайларға уақытылы, дер кезінде шешімдер қабылдау туралы нақты тапсырмалар берді.
Шерхан Жамбылұлы