Арал ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған екі тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған екі тұрғын ұсталды

04.07.2022

Қызылорда облысы, Арал ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған екі тұрғын ұсталды. Полиция күдіктілерді «Шымкент-Самар» тасжолында қолға түсірген. Жол ережесін бұзған «Фольксваген» автокөлігін тоқтатқан инспекторларға жүргізуші мен жолаушының іс-әрекеті күмән туғызған. Заңға сәйкес хаттама толтырып, көлікті жіті тексеру барысында қапқа салынған жасыл шөп ұнтақтары табылған. Сараптама нәтижесімен 4 келіден аса кептірілген «марихуана» екені анықталды. Екі күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына қамалып, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу