Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жетті
Елордада өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қызылордалық Мақсат Исағабылов жеңіске жетті. Ол финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен кездесті. Нәтижесінде Мақсат қарсыласын жеңіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды. Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Оған 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» берілді. Ал екінші орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу табысталды. Турнир барысында қола жүлде үшін жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев бақ сынап, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40