Өскеменде «Жан серігім - гитара» атауымен ІІ республикалық гитарашылар фестивалі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар гитараның сүйемелдеуімен әртүрлі жанрдағы әндерді шырқап, шоқтығы биік музыкалық шығармаларды орындады.
Шараға қатысушылардың арасында елге танымал әншілермен қатар, жас орындаушылар да көп болды. Аталмыш фестиваль екі жылда бір рет ұйымдастырылады.
Негізгі мақсат - табиғи дауысты орындаушылардың қатарын көбейтіп, жастарға гитарашылардың өнерін насихаттау.
Берік КӨШЕРБАЕВ