Лондонда Джон Леннонның гитарасы сатылымға шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Джон Леннонның гитарасы сатылымға шығарылады

06.10.2014
Лондонда Джон Леннонның гитарасы  сатылымға шығарылады

Қараша айында Лонданда өтетін аукциондағы лоттардың бірі – Джон Леннонның гитарасы. Музыкалық аспапты сатылымға Леннонның ағайыны шығармақшы. Оған бұл гитараны «Beatles»-дің негізін қалаушы өзі сыйға тартқан екен.

«Бір күні мен Джонға келіп, одан өзіне керек емес гитара бар ма деп сұрадым. Себебі, біз ол кездері достарымызбен жеке топ құрмақшы болғанбыз. Ал, Джонда гитара коллекциясы көп еді»,-деп еске алады Бирч.

Алдын ала болжам бойынша лот бағасы 650-950 мың АҚШ доллары арасында болмақ.  Бұл гитара соңғы 30 жылда аукционға шығарылған  ең құнды жәдігерлер қатарында.

Хабарламаларға жазылу