Өскеменде «Jastar Time» IT-фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Jastar Time» IT-фестивалі өтті

21.05.2019

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараға 200-ден астам оқуышы мен студент қатысып, өздерінің бірегей жобаларын көпшілікке ұсынды. Жалпы, соңғы бір-екі жылда Шығыс Қазақстандағы жастардың  IT -технологиялар  әлемімен танысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Өйткені, өңірдегі мектептердің барлығында IT-сынып ашылған. Биылғы фестивальге қатысушылар 95 жоба әкелген. Жас өнертапқыштар қоғам үшін тиімді, қазіргі заманда өте өзекті жұмыстарды көрсетті. Алдағы күзде облыста халықаралық IT-форум өткізу көзделген. Онда жеңіске жеткен жастар мен IT-компанияларға қаржылай гранттар беріледі.

Асанәлі Ақман,  мектеп оқушысы:

Бұл зағип жандарға арналған таяқша. Ортасында екі сенсоры бар, солар арқылы кедергі болғанда таяқшаны ұстап келе жатқан адамға дыбыстық белгі беріледі.

Нұрбек Исламов, «Нұр Орда» мектеп-лицейінің мұғалімі:

Фестивальге әкелген жобамыз «велогенератор» деп аталады. Ол электр қуатын экологиялық таза жолмен шығаруға көмектеседі. Тағы бір ерекшелігі, велогенераторды электр қуаты жетпеген ауылдық жерде орнатсақ, бір сағат велосипед доңғалағын айналдыру арқылы бір үйде электр қуатымен қамтамасыз етуге болады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу