«Жан жүрегім – Астана!» атты жастар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жүрегім – Астана!» атты жастар фестивалі өтті

13.07.2018

Жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру мен Астана күнін атап өтуді жалғастыру. Астана арбатында жастар ұйымдарының бастамасымен «Жан жүрегім - Астана!» фестивалі өтті. Онда ірі жастар ұйымдарының ашық аспан астындағы фотокөрмелері ұйымдастырылып, ән-би және шахмат турнирлері ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, астаналықтар мен қала қонақтарына арналып отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Мұндай шаралар жаз бойы өтіп тұрмақ.

Динара  Садуақасова,  «Жас ұлан» республикалық жастар ұйымының төрайымы:

-Елордамызға жастар атынан осындай шараны жылда өткізуге тырысамыз. Өткізіп тұруға дайынбыз. Керемет шара деп ойлаймын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.         

Хабарламаларға жазылу