Францияда теракт үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда теракт үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды

30.06.2022

Парижде Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы ең сұмдық теракті үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды. 20 адамның бәріне кінәлі деген үкім шықты. Солардың ішінде тірі қалған жалғыз айыпталушы – 32 жастағы Салех Абдеслам өмір-бақи түрме жазасына кесілді.

2015 жылы қарашаның 13-де лаңкестің шабуылдан Францияда 130 адам мерт болып, 350-і жараланған. Ал осы іске қатысты ауқымды сот 2021 жылы қыркүйекте басталды. Сол процесс барысында миллион беттен астам дәлел келтіріліп, 2,5 мың адам тыңдалып, 300-дей адвокат сөз сөйлеген.


Хабарламаларға жазылу