PSG жанкүйерлері түріктерге өкпелі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

PSG жанкүйерлері түріктерге өкпелі

23.11.2015
PSG  жанкүйерлері түріктерге өкпелі
PSG  жанкүйерлері түріктерге өкпелі

Өткен аптада футболдан Түркия мен Грекия құрамаларының арасында өткен матчтағы түрік жанкүйерлерінің қылығы еуропалықтарды ренжітіп тастады.

Матч басталар сәтте Франциядағы теракт құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланған болатын. Бірақ, түрік жанкүйерлері сол сәтте ысқырып, үнсіздіктің жариялануына наразылық танытқан еді.

Түріктердің бұл қылығы еуропалық басылымдарда, әлеуметтік желілерде біраз талқыға түсті. Ал, Париждік PSG клубының жанкүйерлері түріктердің бұл қылығы үшін келер жылы Францияда өтетін футболдан EURO 2016 турниріне Түркияның қатыспауын талап етіп, арнайы панкарт даярлады


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу