Терактлерге байланысты Францияда шекаралары жабылды

14.11.2015
Терактлерге  байланысты Францияда  шекаралары  жабылды
Терактлерге  байланысты Францияда  шекаралары  жабылды


Жұмадан сенбіге қараған түнде Франция астанасы Париждің бірнеше ауданында теракт болды. Euronews таратып жатқан мәліметтерге қарағанда терактлер салдарынан кемі 153 адам мерт болған. 200 адам жараланған. Олардың сексені ауыр халде. Осы оқиғаға байланысты Францияда төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, шекара толық жабылды.
Терактлерге  байланысты Францияда  шекаралары  жабылды
Деректерге қарағанда террористердің бір тобы Батаклан концерт залын басып алып, көрермендерге автоматты қарудан 10 минут бойы оқ жаудырған. Салдарынан тек осы концерт залының өзінде 100-ге жуық адамның қаза тапқаны белгілі болды. Ал, полицейлер шабуыл жасаған 4 террористің көзін жойған. Сонымен қатар, тағы бір теракт «Стад де Франс» стадионының төңірегінде болған. Ол жерде 3 жарылыс жасалғандығы белгілі болды. Теракт кезінде стадионда футболдан Германия мен Франция ұлттық құрамаларының жолдастық кездесуі өтіп жатқан болатын. Ал, тағы бір террорлық шабуыл Париждегі Le Petit Cambodia мейрамханасына жасалған. Әзірге, жалпы теракт құрбандарының нақты саны белгісіз.
Терактлерге  байланысты Францияда  шекаралары  жабылды
Әлем елдері Париждегі терактлерді қатаң түрде айыптап жатыр. АҚШ президенті Барак Обама, Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель және басқа да мемлекет басшылары Франция халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Ал, Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған болатын. Елімізідң сыртқы саясат ведомствосының таратқан мәлімдемесінде Қазақстанның Парижде болған терактлерді айыптап, терроризмнің кез келген түрінің көрініс беруіне жол берілмеуін жақтайтындығы айтылған.

«Біз көптеген жазықсыз адамдардың мерт болуына байланысты француз халқының қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің айығып кетуін тілейміз»,-делінген ресми мәлімдемеде.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу