Табиғатты қорғаушы қорықшылар туралы біз не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табиғатты қорғаушы қорықшылар туралы біз не білеміз?

03.11.2019

Қызылорда облысында тағы бір қорықшы қаза тапты... Президент алдында ғана Алматы облысында 3 мыңға жуық киікті заңсыз аулаған браконьерлерге қатаң жаза қолдануды тапсырған еді.

Қызылорда облысында қызметтік автокөлігімен браконьерлердің ізіне түскен «Охотзоопром» мекемесінің инспекторы Әділ Кенжеғұлов жол апатына ұшырап, қызмет бабында опат болды. Оны Президент ІІІ дәрежелі Айбын орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Айтпақшы, Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деп айыпталғандарға байланысты сот басталды.

Бір-ақ нәрсе – браконьерліктің «байбатшаларын» ұстамаса, қалғаны бос әурешілік.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу