Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемі азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемі азаюы мүмкін

29.06.2022
Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемі азаюы мүмкін

Қытайға контейнерді пойызбен тасымалдау көлемі азаюы мүмкін. Бірақ бұған елдегі жүк тасымалдаушылар қарсы.

Ұзаққа созылған пандемия мен күрделі геосаяси жағдай 2,5 жыл ішінде жүк тасымалына кері әсер етіп, жұмысын тежеп тастағаны белгілі. Енді жүк тасымалдаушылар саладағы жеке кәсіпкерлерге қысым көрсетпеуді сұрап отыр. Оған себеп маусымда Қазақстан Темір жолы компаниясына еншілес KTZ-Express контейнерлік пойыз операторына барлық тасымалды жоспарлау міндеті берілді. Тасымалдаушы және вагон операторлары қауымдастығының өкілдері жағдай жақын арада өзгермесе, Қытайға контейнермен жүк тасымалдау көлемі азаюы мүмкін дейді.

Хабарламаларға жазылу