Түркістан облысында «екпе салынды» деп жалған құжат толтырылған
Түркістан облысында ірі қара мен ұсақ малды дәрілеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілген. Жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынғаны жөнінде жалған құжат толтырылған. Ал іс жүзінде төрт түлік егілмеген болып шықты.
Прокуратура жүргізген кезекті тексеріс кезінде осындай олқылықтың беті ашылды. Қадағалаушы орган өкілдерінің сөзінше, Түлкібас, Жетісай мен Сайрам аудандарында сатылып кеткен малға да екпе егілді деп жалған есеп берілген.
Мәселен, Түлкібас ауданындағы 9 ауылдық округте тұрғындардың малы тіркеуге алынбай, егу жүргізілмей келген.
Асылбек Тұршеков, облыстық прокуратураның аға прокуроры:
Осылар бойынша вет қызметкерлерден, вет дәрігерлерден түсініктемелер алынды. Ұсынудың қаралу нәтижесімен бірқатар облыс көлеміндегі аудандардағы ветеринариялық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14