Қостанайдағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ауқымды нысанды биыл 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде мерекеленетін ұлт ұстазының атымен атау көптің тілегі еді. Заң талаптарына сәйкес, ұсыныс алдымен әуежай ұжымында талқыланып, қызметкерлер оны бірауыздан қолдаған.
Мұнан әрі бастаманы облыстық мәслихат депутаттары мақұлдап, республикалық ономастика комиссиясына жолдады. Ұсыныс осы комиссия тарапынан бекітіліп, енді бүгін Үкімет басшысыныңқаулысы қабылданып отыр.
Ерлан Қалмақов, облыстық Мәдениет басқармасы басшысы:
Автомобиль жолдары басқармасы мен әуежай ұжымы бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қаулы күшіне енгесін тиісті шаралар қабылданып, маңдайшасындағы жазулар, басқа да құжаттар әділет орталықтарында тіркеліп, сондай жұмыстар жүргізіледі.