Қостанайлықтар жазушы-журналист Байтұрсын Ілиясты еске алды

08.11.2019

«Ахметін іздеген Байтұрсын». Қостанайда осындай атаумен жазушы-журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Байтұрсын Ілияс Торғай өңірінің тумасы. Саналы ғұмырын баспасөз қызметіне арнаған жан. «Патша көңіл» атты жыр жинағы мен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі жайлы «Алтын бесік» кітабының авторы. Жалпы ұлт ұстазының болмысын көп зерттеп, Ахметтануға қомақты үлес қосқан қаламгер. 

Қостанай мемлекеттік университетіне 1996 жылы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұған университеттің сол кездегі ректоры Зұлқарнай Алдамжар мен осы Байтұрсын Ілиястың көп еңбегі сіңген. Шара барысында жазушы туралы фильм көрсетіліп, «Біз білетін Бәкең» атты естеліктер жинағының тұсауы кесілді.

Ибраһим Ағытайұлы, ахметтанушы:

Жаңа өздеріңіз көргендей, Әбіш Кекілбаев тәрізді мықтылармен бірге оқып, солармен бірге қалам тартып, солардың құрметіне бөленген жан.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу