Елордада Ардагерлер кеңесі зейнеткер журналистерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Ардагерлер кеңесі зейнеткер журналистерді құттықтады

28.06.2022

Нұрсұлтан қалалық Ардагерлер кеңесі зейнеткер журналистерді құттықтады.

Ұйым төрағасы Сансызбай Есілов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, мерекелік тілегін жеткізіп, гүл шоқтары мен ақшалай сыйлық табыстады.

Жалпы Нұрсұлтан қаласы бойынша 111 мың ардагер болса, соның 65 мыңы осы ұйымға мүше. Ал зейнеткер журналистер қоғам өмірінде белсенді. Тіпті медиа-топ құрып, түрлі мәселелерді көтеріп, БАҚ беттеріне жариялап жүреді.

Сансызбай Есілов, Нұр-сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Біз осы ардагерлер кеңесінің құрамында осыдан алты жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан журналистердің бастарын құрастырып, өздерінің еркімен бір топ құрдық. Медиагруппа деген. Алда тағы да атқаратын «Медиагруппаның» жұмысы белгіленген. Жыл басында жоспарлап, сол жоспар бойынша жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу