Астанада Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

21.04.2014
Астанада Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Елордада Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына  90 жыл толуына орай шара ұйымдастырылды.  Шара аясында гүл қою рәсімі және еске алу митингі өткізілді, деп хабарлайды astana.kz сайты.  

Отан соғысының батырын еске алу шарасына мемлекеттік органдардың өкілдері, елордалық Ардагерлер кеңесі, студенттер мен оқушылар қатысты. Аталған жиын Әлия Молдағұловаға арналған ескертіш жанында  өтті.  

Шара барысында Ақмола қаласында құрылған 310-шы, 387-ші және 29-шы атқыштар дивизиясының майданға аттануы жайында қойылым  көрсетілді.    

Бұл шара Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 69 жылдығына арналды.   Шараны ұйымдастырған - Сарыарқа ауданының әкімдігі, Ішкі саясат, Білім, Мәдениет басқармалары және «Мемориалды аймақ» қоғамдық бірлестігі.

 

Хабарламаларға жазылу