Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 36 отбасынан өтініш келіп түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 36 отбасынан өтініш келіп түскен

24.05.2015
Республикалық  «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 36 отбасынан өтініш келіп түскен

Астана қалалық Ішкі саясат басқармасына бүгінгі таңда «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 36 отбасынан өтініш келіп түскен.

Байқауға өтініш білдіргендердің ішінде елге еңбегі сіңген білікті дәрігерлер, ұлағатты ұстаздар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар, деп хабарлайды astana.kz.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің өкімімен елордада «Мерейлі отбасы» байқауын өткізуге арналған комиссияның құрамы бекітілді. Оған 15 адам кірді, оның ішінде қалалық құрылым басшылары, қалалық ардагерлер кеңесі, жастар және қоғамдық ұйым басшылары, партия жетекшілері бар. 

Хабарламаларға жазылу