Елордалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

11.02.2016
Елордалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Конференция жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, сондай-ақ, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов қатысты. Конференция қорытындысы бойынша делегаттар қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады.

Конференцияда өткен жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылып, ұйым президиумы мен комиссия мүшелері сайланды, сонымен қатар, ардагерлер ұйымдарының республикалық съезіне қатысатындар тізімі бекітілді.

«Ардагерлердің материалдық және мәдени-тұрмыстық, медициналық жағдайларын және басқа да қызмет көрсету түрлерін жақсарту ардагерлер кеңесі жұмысының басым бағыттары болып белгіленді», - деді А. Сыздықов.

Қалалық ардагерлер кеңесі елорданың егде жастағы тұрғындарына қызмет көрсететін барлық басқармалармен және құрылымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан.  

Конференция делегаттары ұйым жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Конференция соңында Астана қаласы ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Сансызбай Есілов сайланды. 

Хабарламаларға жазылу