Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28.06.2022

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға»,-делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат көбейіп кеткен кезде кәсіби журналистердің маңызы арта түсетінін айтқан.

«Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар. Міржақып Дулатұлының«Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдіңөзі де күшті» деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті. Біз қоғамға үлгі-өнеге көрсетіп, мемлекет ісін ілгерілетуге атсалысуымыз қажет. Өйткені халықтың сенімін ақтау – азаматтық борышымыз. Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін», делінген Президент құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу