Ұлттық арна қызметкерлері түркиялық «ТРТ» телеарнасымен тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қызметкерлері түркиялық «ТРТ» телеарнасымен тәжірибе алмасты

27.06.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері түркиялық «ТРТ» телерадиокомпаниясымен тәжірибе алмасып, семинарға қатысты. «Репортерлік кәсіпті трансформациялау: Телерепортаждардан цифрлық репортаждарға дейін» тақырыбындағы шара бүгін қорытындылып, әріптестеріміз сертификат алды.

Марапаттау рәсіміне Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Уфук Екиджи мен «ТРТ» телеарнасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мехмед Чалышкан арнайы келді. Түркиялық мамандар семинардың мақсаты екі ел арасындағы медиа ынтымақтастықты дамыту, кәсіби біліктілікті арттыру екенін атап өтті.

Уфук Екиджи, Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі:

Биыл екі ел арасындағы дипломатияның 30 жылдығы. Одан әрі де тарихымыз тамырлас халықпыз. Ең маңыздысы – халық арасындағы байланыс. Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық осы медиа саласы бойынша жаңа деңгейге көтеріліп отыр. 

Хабарламаларға жазылу