Оңтүстікқазақстандық агрономдар финляндиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандық агрономдар финляндиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

04.02.2016
Оңтүстікқазақстандық агрономдар финляндиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Аталған шара облыстық Кәсіпкерлік мектебі мен «КосАгроКоммерц» агро-химиялық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Мұнда шаруаларға жабық топырақта қызанақ және қиярды, алма түптерін тамшылатып суаруда суда еритін Calcinit және Kristalon тыңайтқыштарының жаңа түрі таныстырылды.

Сондай-ақ, семинарға финляндиялық үздік агрономдар қатысып, көкөніс жылыжайларында химиялық тыңайтқыштарды дұрыс қолдану әдісімен бөлісті. Бас қосуда сонымен қатар, финляндиялық «Yara» компаниясының өкілі Улла Сундел, IOS және Android платформаларынан табуға болатын «Yara CheckIT» мобильді қосымшасын да таныстырды.

Оның артықшылығы сол, бағдарламаның ішінде өсімдіктің ауруға шалдығуының себебін анықтап, оның алдын алатын емдеу амалдары туралы нұсқаулықтар жиынтығы орналасқан. Аталған жобаға әлемнің 50 мемлекетінің агрономдары оң бағасын беріп, шаруа қожалығында таптырмас көмек екенін тілге тиек етті. Енді Оңтүстік өңіріне де келіп жеткен бұл жаңалыққа жиынға қатысушылар үлкен қызығушылық танытып отыр.

Хабарламаларға жазылу