Шиелі ауданындағы елдімекендерде шегіртке қаптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шиелі ауданындағы елдімекендерде шегіртке қаптады

24.06.2022

Қызылорда облысы, Шиелі ауданының үш елді мекенінде шегіртке қаптады. Өңірде дауыл соғып, артынша зиянкестер көбейіп кеткен.

Жалпы бұл осы мезгілде жиі кездесетін жағдай. Жәндіктерге қарсы алдын ала улау жұмыстарын жүргізген шаруашылықтардың егін алқаптарына айтарлықтай зиян келмеген. Аудан көлемінде 12 400 гектар жер залалсыздандырылған. Улау жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Мұрат Әшірбеков, Шиелі аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Бестам, Еңбекші және осы кент орталығына бұлтты дауыл келіп, арнайы табиғи құбылыстың әсерінен болған. Біз дер кезінде улау мекемелерімен бірігіп өңдедік. Ешқандайда егінге залалын тигізген жоқ.


Хабарламаларға жазылу