14 мың гектар егістікті шегіртке басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 мың гектар егістікті шегіртке басып қалды

26.05.2016
14 мың гектар егістікті шегіртке басып қалды
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы 14 мың гектарға жуық алқапты қара шегіртке басып қалды. Күн санап қатары көбейген зиянкестер жайылымдықты қойып, енді егістікке ауыз салды.

Фитосанитария бөлімінің болжамына сүйеніп, биыл ерте көктемде Шардара ауданы бойынша зиянкестер өсіп өнетін 4 мың гектардай алқапқа улы дәрілер себілді. Алайда жауын шашынның молдығынан шегіртке оған бой беремеді. Қазірдің өзінде оның 13 мың 750 гектар жерге таралып кеткені анықталып отыр.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу