Елордада «Amanat Сup» бірінші республикалық шахмат турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Amanat Сup» бірінші республикалық шахмат турнирі өтті

23.06.2022

Елордада «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Amanat Сup» бірінші республикалық шахмат турнирі өтті. Онда 8 бен 35 жас аралығындағы екінші және одан жоғары разрядтағы 200-ден астам қатысушы бақ сынады. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша келесі жылдан бастап аталған турнир еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Бұл біріншіден шахмат спортын насихаттау болса, екіншіден балалар үшін үлкен тәжірибе. Жалпы жүлде қоры 5 млн теңгеден асты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева сынды белгілі қазақстандық шахматшылар марапаттады. Бүгінде Қазақстан әлемдік шахмат рейтингінде 37-орында тұр. Ал турнир ФИДЕ рейтингтік есебімен швейцариялық жүйе бойынша өтті.

Асхат Оралов «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Бізді қуантатын нәрсе еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам қатысушы келіп отыр. Сондықтан барша ата-аналарға ризамыз. Жастардың қызығушылығын шахматқа деген арттырады бұл. Бұл жұмысты ары қарай жалғастырамыз.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу