«Astana Сup 2014» үстел теннисі марафонына 2000-ға жуық адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Сup 2014» үстел теннисі марафонына 2000-ға жуық адам қатысады

17.06.2014
«Astana Сup 2014» үстел теннисі марафонына 2000-ға жуық адам қатысады
5 шілдеде 2000-ға жуық кәсіби және әуесқой спортшы елорданың 16 жылдық мерейтойына арналған «Astana Сup 2014» үстел теннисі марафонына қатысады. Жарыс «Алау» мұз сарайында өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
 
Өтініштерді қабылдау 4 шілдеге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде елорда тұрғындары мен басқа қала өкілдері де додаға қызығушылық танытып отыр.
 
Спорттық және еңбек ұжымдарынан, мүмкіндігі шектеулі жандардан өтінімдер келіп түсуде. Марафон Қазақстан мен Қытай құрама командалары арасында матчпен ашылады.
 
Жақында әуесқойлар арасында бірінші жарыс өтті. Оған 200-ден астам ойыншы қатысып, өз бақтарын сынады.
 
 «Astana Сup 2014» жарысын өткізу үшін арнайы 70 теннис үстелі орнатылады. Марафон аяқталысымен олар аренада қалып, қызығушылық танытқан барлық қала тұрғындарына күзге дейін ойнауға мүмкіндік беріледі.
 
Алдағы уақытта мұнда спортшылардың жаттығуларын, әуесқойлар арасында турнирлер мен басқа да спорттық шараларды тұрақты өткізу жоспарланған.
 
Марафонға қатысу бойынша толық ақпаратты және өтініштің нұсқасын www.alau.info сайтынан алуға болады. 

Хабарламаларға жазылу