Елордада «Жаңа Қазақстан - Жаңару мен жаңғыру жолы» атты республикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жаңа Қазақстан - Жаңару мен жаңғыру жолы» атты республикалық конференция өтті

08.07.2022

Елордада «Жаңа Қазақстан - Жаңару мен жаңғыру жолы» атты республикалық конференция өтті. «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының бастамасымен, «Amanat» партиясының қолдауымен өткен шараның мақсаты – Президенттің наурыздағы халыққа арнаған жолдауында айтылған басым бағыттарын насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі ұғым екенін, оны баянды ету жолында ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру.

Әзірет Сатылғанов, «Bilim-Orkenietі» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының директоры:

Президентіміз осы жолдауында айтқандай, бұл мақсатқа жету бұл - мемлекеттік аппаратты ауыстыру, кадрларды жаңартумен шешілмейді. Ол әрбір қазақстандықтың өз-өзін өзгертумен, әрбір азамат пен қоғамның жаңаруымен болатын үрдіс деді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу