«Qyzmet cup» футбол турнирінің жеңімпазы анықталды
Қазақстан теміржолшылар құрамасы мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен шағын футболдан жеңімпаз атанды. Кеше Елордада «Qyzmet cup» футбол турнирінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турнирдің финалдық матчы ҚТЖ мен ІІМ-нің полиция Департаменті арасында өтті. Теміржолшылар қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Айта кетейік, «Qyzmet Cup» шағын футбол турнирі құрылғаннан бері алтыншы рет өтіп жатыр. Шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды.
Әділбек Басекеев, «Qyzmet cup» қоғамдық бірлестігінің өкілі:
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер арасында спорт шараларын ұйымдастырып жүрміз. Тек қана футбол емес, шахмат, волейбол басқа да шаралар өтіп жатыр. Бүгінгі Қазақстан чемпионатында 20 өңірден әртүрлі команда келіп қатысып жатыр.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14