Германияда теміржолшылар 4 сағаттық ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда теміржолшылар 4 сағаттық ереуілге шықты

10.12.2018

Олар жалақының аздығына шағымданып отыр. Ереуілшілердің негізгі талабы - айлықты 6-7 пайызға өсіру. Бұл туралы  келіссөздер үзілгенде жұмысшылар қарсылық акциясын жариялаған. Соның салдарынан алыс қашықтыққа жүретін пойыздар тоқтап, жүк тасымалдайтын пойыздар кестесі бұзылды. Аймақтар арасында жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай отыр. Тек Берлин, Мюнхен, Франкфурт қалаларында ғана пойыздар ауыл-аймақтарға шыққан.  Наразы халық алдағы Жаңа жыл мерекесінде де ереуілдер болуы мүмкін екенін ескертті.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу