Ресей әскерінің ресурсы таусылуға жақын – барлаушылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскерінің ресурсы таусылуға жақын – барлаушылар

23.06.2022

Американың Соғысты зерттеу институтының дерегінше, Ресей армиясы Лисичанскіге оңтүстік бағыттан жылжып барады. Олар алдағы күндері қалаға жетуі мүмкін. Дегенмен «оны басып алуда қиындықтарға тап болады» делінген барлау мәліметінде.

Ал Ұлыбританияның әскери барлау қызметінің дерегінше, алдағы айларда Ресейдің Украинаға шабуылы баяулайды, себебі армияның ресурстары таусылуға жақын. Сонымен бірге бүгін Еуроодақ Киевке кандидат мәртебесін беруге қатысты шешімін жариялайды.

Президент Владимир Зеленский кешегі жолдауында маңызды оқиғаға санаулы сағаттар қалғанын мәлімдеді. Ол Ресей әскері Николаев пен Харковьті зымырандармен атқылағанын айтып, мұны тоқтату үшін Батыс елдерінен тағы да қару сұрады.


Хабарламаларға жазылу