Қант қат: Қордағы өнім таусылуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қант қат: Қордағы өнім таусылуға жақын

10.06.2022

Таразда тұрғындар қант сатып алу үшін сағаттап кезекке тұруға мәжбүр.

Әлеуметтік дүкендерде келісі 330 теңгеден сатылып жатқандықтан, сұраныс жоғары. Сондықтан қордағы өнім де таусылуға жақын.

Мамандардың айтуынша, бір жылға сатып алынған 1000 тонна қанттың, қоймада 100 тоннасы ғана қалған. Бұл бір айға жетеді. Қосымша тағы мың тоннаға тапсырыс беріліпті. Әзірге әлеуметтік дүкендерде бір адамға бір келі қанттан артық сатылмайды. Бұл алып-сатарлыққа жол бермеудің амалы дейді жауапты мамандар.

Арман Түймебаев, Өңірлік тұрақтандыру қорының директоры:

«Біз жылдың басында 1000 тонна қант сатып алған болатынбыз. Сол осы жылдың соңына дейін жетеді деген жоспар болды да басында. Бірақ осындай ажатаж болған соң, сұраныс өте үлкен болғандықтан қосымша тағы 1000 тоннаға бюджет бектіп қойдық».


Хабарламаларға жазылу