Құрлық әскерінің жауынгерлік әзірлігі тексеріліп жатыр
Елімізде құрлық әскерінің жауынгерлік әзірлігі тексеріліп жатыр. Ақтау қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы полигондарда сарбаздар бірқатар жауынгерлік оқу-жаттығуларын өткізді. «Оймаша» полигонында іс-қимылдарды жүргізудің жаңа түрлері мен әдістері пысықталды. «Көктал» тау полигонында шартты заңсыз қаруланған құрамалар жойылса, шығыста күшейтілген бригада маневрлік қорғанысты жүргізу мен әскерилерді қоршаудан шығару тапсырмаларын орындады. «Тереңөзек» полигонында барлаушылар қарсыластың нысандарын анықтап, содырларды жою кезінде авиация күшін пайдаланды. Оқу-жаттығу 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 9 мыңға жуық жеке құрам, 66 ұшу аппараты мен 8 кеме жұмылдырылады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15