Қора шатқалындағы өрт әлі сөндірілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қора шатқалындағы өрт әлі сөндірілмеді

30.09.2021

Алматы облысының Қора шатқалы төрт күннен бері жанып жатыр. 25 гектар аумақта құрғақ шөп пен орманды алқап отқа оранған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден аса адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Тау шатқалына жету қиын болғандықтан тікұшақ қолданылды. Мамандардың айтуынша елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке ең жақын Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.  

Хабарламаларға жазылу