Павлодар облысында 800 гектар алқап отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 800 гектар алқап отқа оранды

02.05.2014
Павлодар облысында 800 гектар алқап отқа оранды
Павлодар облысында далалы алқапта өрт шығып, 800 гектар жер отқа оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
 
«Павлодар облысы Ертіс ауданының Шұбарат ауылында 1 мамыр күні 16:45-те басталған өрт сол күні 23:17-де толық өшірілді» делінген хабарламада.
 
Өртті сөндіру жұмыстарына Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Хабарламаларға жазылу