Абай облысында мамандар өртенген орманды санап үлгермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында мамандар өртенген орманды санап үлгермей жатыр

30.11.2023

Абай облысында өртенген орманда санақ жүріп жатыр. Биыл жазда «Семей орманы» табиғи орман резерватында 63 мың гектар қарағайлы алқап отқа оранған болатын. Орманшылар жанған жер тым үлкен болғандықтан санақ 5 жылға дейін созылуы мүмкін дейді. Қазір от шарпыған әр түп қарағайға белгі соғылып, тізім жасалуда. Осы күнге дейін 900 гектар алқап есепке алынды. Алайда орманшылар өз күшімізбен бұл жұмыс тым ұзаққа созылып кетуі мүмкін дейді. Сондықтан көмек қажет. Жеделдетіп жанған қылқан жапырақты орманды тазалап, орнына 300 миллион көшет отырғызылуы тиіс.

Ғани Алпысшалов, «Семей орманы» табиғи резерваты бас директорының орынбасары:

Оқу орындары бар, көмекке кім келеді?Волонтерлер бар. Соның бәрін тартып. Солар арқылы үлкен проблеманы шешу керек. Мынау біздің ғана проблема емес, бүкіл Қазақстанның проблемасы болып тұр қазір. Қазіргі таңда мына «Семей орманының» бар техникасымен мынаны бізге игеру деген өте ауыр түсіп тұр. Мынаны біз өз күшімізбен игере алмаймыз.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу