Басты Жаңалықтар Бас қалада қарасора өсірген ер адамдар ұсталды

Бас қалада қарасора өсірген ер адамдар ұсталды

Елордада есірткі зертханасы анықталды.

Екі ер адам жалға алынған ғимараттың төменгі қабатында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірумен айналысқан. Тінту барысында қарасораны өсіруге арналған құрылғы, электронды таразы, қаптау материалдары, тыңайтқыштар мен препараттар табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бөлісу