Грузияда ондаған мың адам Еуроодаққа қосылуды қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда ондаған мың адам Еуроодаққа қосылуды қолдады

21.06.2022

Грузия астанасы Тбилиси орталығында ондаған мың адам шерулетті. Олардың басты талабы - елді Еуроодаққа қосу. Акция өтіп жатқанда қаланың орталық көшесі - Руставели даңғылында көлік қозғалысы тоқтады. Грузия, Украина, Молдова мен Еуроодақ туларын ұстаған демонстранттар «Еуроодақта көріскенше», «Біз Еуропамыз» деп ұрандатқан. Шараны елдің оппозициялық партиялары мен демократияшыл топтары ұйымдастырды.

Айта кетсек, Еуроодақ осы аптада Украина мен Молдоваға ұйымға қосылуға кандидат мәртебесін беруге қатысты шешімін жарияламақ.


Хабарламаларға жазылу