Испанияның оңтүстігінде ондаған мың адам ауыз суға зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның оңтүстігінде ондаған мың адам ауыз суға зәру

28.04.2023

Испанияның оңтүстігінде ондаған мың адам ауыз суға зәру. Аймақта мұндай жағдайдың қалыптасуына қуаңшылық себеп болған. Кордоба ауданында жыл басынан бері екі рет қана жаңбыр жауған.Резервуарлар құрғап жатыр. Жалпы Испанияға 36 ай бойы жеткілікті деңгейде жаңбыр жаумады. Сондықтан су қоймалары 50 пайызға ғана толған. Ал Каталония мен Андалусияда бұл көрсеткіш 25 пайызға әрең жетіп отыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу