Бөкей орданың жолы келесі жылы пайдалануға беріледі
Бөкей орданың жолы келесі жылы пайдалануға беріледі
Батыс Қазақстандағы жыр болып келген Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары арасындағы жолдың қашан аяқталатыны белгілі болды. Өңір әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, жөндеу жұмыстары келер жылдың соңында толығымен аяқталады. Қазір 54 шақырым асфальт пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін мұны 173 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр. Дегенмен, бұл жолдардың қазір бір қабаты ғана төселген. Белгіленген мерзім бойынша республикалық маңызы бар жол былтыр тапсырылуы керек болған. Аймақ басшысы, жұмыстың баяулап қалғанына пандемия себеп болғанын жеткізді.
Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Барлығы 248 шақырым, ол жолдар оңтүстік-батысқа жататын. Енді былтыр 54 шақырым толығымен екі төсем асфальтталған жолдар қазір жоқ. Енті тек төменгі төсеммен жол ашылды былтыр. Биыл «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметі бойынша қосымша тағы да 119 шақырым ашылады деп айтып отыр.
Келесі айда киіктерге арналған резерват ашылады
Сонымен бірге, Ғали Есқалиев киіктердің тағдырына қатысты сұраққа да жауап берді. Келесі айдың басынан бастап, Үкімет шешімімен аймақта резерват ашылады. Оған 650 мың гектарға жуық жер берілмек. Онда 200 мыңға дейін киік ұстауға болады. Бірақ аталған аймақта су мәселесі өткір тұрғанын айтады. Қазір экология министрлігімен бірге мәселені шешу жолдары қарастырылып жатыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент мемлекеттік сапармен Ресейге барды
11.11.2025, 20:49
Берік Уәли: Абай елі, Семей жері тарихи дамудың алдында тұр
11.11.2025, 20:47
Ғалым Доскен өмірден өтті
11.11.2025, 20:43
Вице-министр жарақат алған фельдшердің жайын айтты
11.11.2025, 20:42
Су сапасын анықтайтын құрылғы
11.11.2025, 20:39
Алматы облысында өнерлі балалар фестивалі өтті
11.11.2025, 20:37
Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр
11.11.2025, 20:28
Мәскеуде Достық сквері ашылды
11.11.2025, 20:25