Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар тексерістен өте алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар тексерістен өте алмай жүр

20.06.2022

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан 600-дей науқас қымбат құрылғының жұмыс істемеуіне байланысты тексерісін кейінге қалдыруға мәжбүр. Позитрондық-эмиссиондық тамография - ағзаны сканерлеу арқылы ісік ошақтарын тауып, оның басқа органдарға таралуын анықтайтын құрылғы. Негізі аппараттың өзінде ахау жоқ. Онымен зерттеу жасау үшін науқастардың ағзасына радифофарм препарат енгізіледі. Алайда, сол дәрілік затты шығаратын модуль синтезі істен шыққан. Оны Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтында жүзеге асырады. Ал модуль синтезінің өзі Еуропада өндіріледі, оны елге жеткізгенше екі ай уақыт кетеді. Айта кетейік, Қазақстанда 170 мыңға жуық онкологиялық науқас бар. Елде жыл сайын 30 мыңға жуық жаңа онкологиялық ауру тіркеледі. Ал осы Позитрондық-эмиссиондық тамография 3-4 дәрежедегі дертке шалдыққандарға тағайындалады.

Жандос Аманқұлов, Радиология және ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі:

Егер онкологиялық аурудың диагностикалау және емдеу протоколына сәйкес науқасқа ПЭТ/КТ өту қажет болса, науқастарды біз Семей қаласына не Нұр-Сұлтан қаласына жібереміз. Біз 20 шақты науқасты Семей қаласына жібердік.

Ал Ядролық физика институты мамандарының сөзінше, радиофарм препаратты шығаратын құрылғының сынып қалатынын олар бұрыннан білген. Өйткені, техника 2018 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Институт өкілдері осы мәселені айтып, министрлікке де, МАГАТЭ ұйымына да хат жолдадық, - дейді. Бірақ, бюрократияның кесірінен, науқастар зардап шегіп отыр. Дәрілік затты өндірушілер аталмыш мәселені тамыздың ортасына дейін шешуге уәде етті.

Саябек Сахиев, ҚР Энергетика министрлігі ядролық физика институтының бас директоры:

Алматыда РГД-ны пайдаланатын екі орталық бар. Біреуі - Орхон медикал, Екіншісі медикал инвест груп деген. Осы екі өздерінше қосылып, өйткені, арзан дүние емес. Соны бізге алып бергелі отыр. Біз өзіміз ала алмайтын себебіміз, бізде мемлекеттік сатып алу деген заң бар. Ол шынымен өте күрделі.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу