Ауыр атлет Едіге Емберді елге жеңіспен оралды
Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанған Едіге Емберді елге оралды.
11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткен бәсекеде отандасымыз 73 келіде бақ сынады. Ел намысын қорғаған Едіге жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Осылайша, қоссайыс қорытындысы бойынша 17 жастағы жерлесіміз 306 келіні көтеріп, Әлем рекордын жаңартты.
Жарысқа әлем бойынша 39 елден 200-ден астам ауыр атлет қатысты.
Едіге Емберді, Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионы:
Көтерген зілтемірім өте жеңіл болды. Үздік спортшы атандым, соңғы күні айтты маған оны, қуанып отырмын. Шынымды айтсам түс секілді маған. Өзім әлі сене алмай жүрмін.
Айбек Аманиязов, жаттықтырушы:
Біз үшін бұл үлкен қуаныш, бірінші Әлем чемпионаты. Әлем чемпионы болды шәкіртіміз, рекорд орнатып, қазақтың әнұраны ойнаған кезде басқаша сезім болды.
Алла Гаврина
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03