Ресейде 18 көлік зауыты жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 18 көлік зауыты жұмысын тоқтатты

20.06.2022

Ресейде автокөлік сату деңгейі 84%-ға төмендеді. Бұл 2006 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш.

Санкциялардың салдарынан биыл инфляция 22 пайызға жетуі мүмкін.Ұлттық банк басшысы жалпы ішкі өнім 7.8 пайызға төмендейтінін айтады. Азық-түлік пен техника бағасы 100 пайызға дейін қымбаттаған. Сонымен қатар, көлік шығару ісі де тоқтатылуы мүмкін. Өйткені қосалқы бөлшектер шетелден тасымалданады. Бүгінгі күні 20-дан астам зауыттың екеуі ғана жұмыс істеп тұр.Нарық көлемі 10 есе қысқарған.

 Егор Лебедев, кәсіпкер:

Рубль нығайғанымен, импорттық тауарлардың бағасы арзандаған жоқ. Өйткені логистика бұзылған, қазір шетелден тауар импорттау өте қиын. Адамдардың көбі стресс алды. Дәрі-дәрмекке де сұраныс артып отыр.

Соңғы айларда 3 млн адам жұмыссыз қалған. Мемлекет қабылдаған шаралар әзірге өз нәтижесін берген жоқ. Интернет және байланыс бағасы да өскен. Жалпы экономикалық санкциялар қаржы, банк секторы мен энергетика саласына айтарлықтай әсер етті. Мамандар 25 қазаннан бастап Ресейде жаңа төлем жүйесі қосылатынын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу