Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Едіге Емберді елге оралды
Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанған Едіге Емберді елге оралды.
11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткен бәсекеде отандасымыз 73 келіде бақ сынады. Ел намысын қорғаған Едіге жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Осылайша қоссайыс қорытындысы бойынша 17 жастағы жерлесіміз 306 келіні көтеріп, Әлем рекордын жаңартты.
Жарысқа әлем бойынша 39 елден 200-ден астам палуан қатысты.
Едіге Емберді, жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионы:
Көтерген зілтемірім өте жеңіл болды. Үздік спортшы атандым. Шынымды айтсам, түс секілді, өзім әлі сене алмай жүрмін.
Айбек Аманиязов, жаттықтырушы:
Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Шәкіртіміз Әлем чемпионы болды. Рекорд орнатып, қазақтың әнұраны ойнаған кезде басқаша сезім болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05