Қызылордада еліміздегі драма театрлардың 22-ші фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада еліміздегі драма театрлардың 22-ші фестивалі басталды

12.09.2014
Қызылордада еліміздегі драма театрлардың 22-ші фестивалі басталды

Шара «Театрдың анасы», «Қазақ өнерінің ақ желкені» атанған Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды.

Қазақ әйелдерінің галереясын сомдап, түрлі жанрда жарқырап көрінген талант иесінің құрметіне арналған фестивальге республиканың 9 театры қатысуда.

Төрт күнге созылатын шара барысында өнерсүйер қауым «Асауға тұсау» комедиясын, «Бақ іздеген бейбақтар», «Ана-Жер Ана» тағы да басқа классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын тамашалайды.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу