Үндістанда әскерге шақыру тәртібінің өзгеруі наразылық акцияларына ұласты.
Бихар штатында мұндай шеру кезінде демонстранттар пойыздарға шабуыл жасап, вагондарға өрт қойған.
Үкімет армия қатарына адамдарды көптеп тартып, әскер мерзімін төрт жылдан асырғысы келмей отыр. Алайда манифестанттар бұндай қызметтің уақытын созуды талап етіп жатыр. Себебі оппозицияның айтуынша, жастар қарулы күштер қатарында ұзақ жүрсе, елде жұмыссыздар саны азаяр еді.