Ақтөбеде ондаған жыл вагон паналаған отбасылар үйлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ондаған жыл вагон паналаған отбасылар үйлі болды

08.07.2021

Ақтөбеде ондаған жылдар бойы темір вагондарды паналап келген отбасылар үйлі болды.

30 жыл бұрын геолог мамандар үшін қойылған бұл темір вагондарды 77 адам паналап келген. Баспана деген аты ғана. Жазда ыстық, қыста салқын. Көгілдір отын кіргізілмеген, ал әжетханалары далада. Дегенмен, бұл мәселе шешілді. Жергілікті билік темір сарайларды бұзып, ондағы 23 отбасыға жер телімін бөлді.Сондай-ақ, 1миллионнан екі жарым миллион теңге аралығында өтемақы берілді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу