Қарағанды облысында браконьерлерден 4,5 шақырым ау тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында браконьерлерден 4,5 шақырым ау тәркіленді

19.04.2021

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы арнайы жүргізілген операция барысында 4,5 шақырым ау тәркіледі. Тәртіп сақшылары үш күн ішінде аймақтағы су қоймаларының барлығын сүзіп өтіп, 40 браконьерді қолға түсірген. Заңсыз балық аулағандардың барлығына айыппұл салынды. Ал Ұлытау ауданының тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тінту кезінде оның көлігінен 350 келі балық табылған.

Ерболат Изатов, Табиғатты қорғау полициясының басшысы:
20 сәуір мен 20 мамыр аралығында Қарағанды облысы аумағында көксерке дейді, судакты аулауға болмайды. 1 мамырдан 30 мамыр арасында карп, сазанды аулауға болмайды. Қалған балықтарды аулауға болады. Бір балықтың ішінде бәленбай мың уылдырық болады. Соны ауламасақ осы тыйым салынған уақытта, табиғатымызда балығымыз көбейеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу